Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Əбілқайыр Жаңайұлы Байпақов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Əбілқайыр Жаңайұлы Байпақов 21 мамыр 1978 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін үздік – тарих пәні мұғалімі, 2003 жылы Халықаралық Еңбек Академиясын жергілікті және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша бітірген.
Үйленген, бес баласы бар.
Еңбек жолы:
1999-2000 жылдыры - Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасының оқытушысы,
2000-2001 жылдары - Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы,
2001-2002 жылдары - ҚР қарулы күштері қатарында әскери қызметте болып,
2002-2004 жылдары - Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы,
2004-2005 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі,
2005-2006 жылдары - "Отан" РСП Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қалалық өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары,
қаңтар 2006 жыл - қыркүйек 2006 жыл - Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы,
қыркүйек 2006 - қазан 2007 жыл - Баянды селосының әкімі,
2007-2010 жылдары - "Каспий " ӘКК" ҰК" АҚ департамент директоры,
2010-2012 жылдары - "Нұр Отан" ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі,
2012 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін "CASPI BITUM "БК" ЖШС кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.