ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР!
АРДАҚТЫ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамның қозғаушы күші құрыш қолды құрылысшыларымыздың еңбегі зор. Ел игілігі үшін тұрғызылған әр бір әлеуметтік нысандардың кірпішінде сіздердің қолтаңбаларыңыз жатыр.
Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Маңғыстау өңірінде құрылыс саласы ерекше қарқынмен дамып, ауыз толтырып айтарлықтай қомақты табыстарға қол жеткізуде. Жыл сайын қарт Каспий жағасында бой түзеген құрылыс нысандары осының дәлелі.
Осы орайда қызу еңбектің бел ортасында тер төгіп, құрылыс пен сәулет саласының ілгерлету ісін тың серпінмен алға сүйреп, өңір әлеуетін сан-саналы дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды айтамын.
Елдегі болып жатқан қиын-қыстау сәтте барлығының ортасынан табылып, пандемиямен күресте елеулі үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті құрылысшылар!
Дендеріңізге саулық, бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов