Карантиндік шектеулер тағы біршама жеңілдетілді.
Кафе мен мейрамханаларда демалушылар саны 30-дан 50-ге дейін көбейді. Тағы 50 пайыз сыйымдылықпен театрлар да ашылады. Бірақ, адам саны 50-ден аспауы керек. Нақ осындай талаппен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына да мүмкіндік берілді. Тек ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат жоқ.
Толығырақ облыстың бас санитар дәрігері Ғ.Надуевтің қаулысында