ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова елімізде адамдарға коронавирустың қайта жұғуы фактісі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмеді. Бұл жаңа инфекция болғандықтан, оның қайтадан жұғуы мүмкіндігі туралы нақты айта алмаймыз. Өкінішке қарай, бұл сұраққа ешбір елде нақты жауап берілмей отыр. Осы орайда коронавируспен ауырған адам ұзақ бақылауда болған кезде ғана анықталуы ықтимал», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.