• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 30 Қазан 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ардагер журналист Есберген Іңірбайұлы 70 жасқа толды...

Маңғыстаулық екі оқушының коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды...

Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды...

Түпқараған ауданында алғашқы вендинг аппараты қойылды ...

Атақты гроссмейстер Динара Сәдуақасова "Маңғыстау-Медиаға" келді...

  • BRL: 74.86 ₸
  • HUF: 13.74 ₸
  • CAD: 324.9 ₸

Балықшының кәсіби мерекесі

2 шілде, 13:34  |  Жаңалықтар

Әр жылдың шілдесінің екінші жексенбісі теңізбен тарихы тығыз байланысты ата кәсіп иелері – балықшылардың кәсіби мерекесі болып атап өтілетін. Ауданда 1999 жылға дейін «Маңғышлақбалықтоңазытуфлот» басқармасы жұмыс істеп тұрған кезде Аташ кентіндегі мәдениет үйінде түрлі мерекелік іс-шаралар, Баутин аулы теңіз жағасында көңілді кештер, жексенбі күні табиғат аясына саяхат ұйымдастырылатын еді. Сол күні кешкі мезгілде мерекенің көркін қыздыра түсетін түрлі-түсті отшашуларды жағада тұрған кемелерден тамашалайтын. Уақытында байлықтың көзі болған балық шаруашылығының бұл мерекесі бүгінде ұмыт болғаны өкінішті...

Десек те архив қоймасында сақталған «Маңғышлақбалықтоңазытуфлот» басқармасының құжаттарына сүйене отырып, жеке іс парағында осы мекемеге кеме матросы болып жұмысқа қабылданып, мекеменің бірнеше саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан Аташ кентінің байырғы тұрғыны Жұмажанов Мұқаш ардагердің естелік мақаласын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.

«Мен балық өнеркәсібінде 1944 жылдан 1997 жылдың ортасына дейін 53 жыл еңбек еттім. Сонау соғыс жылдарында 14 жасымнан бастап Баутин балық зауытының су кемесіне матрос болып жұмысқа тұрдым. Ұлы Отан соғысы жылдарында балық зауытынан және солтүстік Каспийдегі балық аулап жүрген біздің балықшылардан қара балықтарды қабылдап және теңізде тұрған жүзбелі балық зауыттарынан балықты тиейтін бірнеше моторлы кемелер болды. Олар Астрахань қаласына соғыстағы жауынгерлерге барлық күш-жігерін жұмсап жатқан брондағы балықшылардыбалығын жеткізетін. Атап айтқанда, «Қызылқұм», «Аппақ», «Доброволец», «Западная Украина», «22-ая, 23-ая годовщина Октября», «Хлад Строй», тағы басқа да моторлы кемелер, барлығы 15-18 кеме болды.

Форт-Шевченкодағы балық өнеркәсібі бай кәсіпкер З.К.Дубскийден алынып, 1927 жылдан бастап үкімет қарауына беріліп, жұмыс істей бастады. Баутин кентінің тұсы батыс жағалауынан Көсе (Каса) 1, 2, 3, Форт-Шевченко қаласының тұсынан Радко 1, 2, Қарабөгеже, Қосауыл 1, 2, Асан, Аралды, Қызылөзен, Сақақұдық, Саура, Ащықұдық балық аулау стандары болды. Құрық кентіндегі балық зауыты және Жыланды мүйісінің оң жақ бетінде Аппақ балық станы балықшылардан ауланған балықты қабылдап тұрды. Жазғытұры Ащықұдық станынан майшабақ балығы ауланды. Тельман колхозы балықшылары неводпен (Невод - торлы төсем мен
арқаннан тұратын балық аулауға арналған ірі торлы құрал- ред.) бір қайтарғанда 5-10 тонна майшабақ ұстайтын еді. Оны қабылдайтын моторлы кемеде мен де жұмыс істегенмін.

Аташ кентіндегі балық тоңазыту комбинаты 1938 жылдан бастап салынып, 1941 жылы іске қосылды. Алдымен балықты мұздатып, соғыс уақытында томатты консерві, банкідегі балықтарды шығарды. Консервінің керек заттары, томаты Әзірбайжанның Ленкоран портынан әкелінді, ал қалбыр жасайтын қаңылтырлар, тұз, балық салатын бөшкелер, жәшік қорабы тағы басқа дүниелер Астрахань қаласынан жеткізілді. Аташ кентіндегі Баутин балық зауыты 40 мың центнер балық қабылдап, өңдеп жөнелтетін және сол жылдары бекіре де ауланып, осы зауытта өңделетін. Бекіре балығының қорытпасы оңтүстіктегі Сығынды мүйісінен бастап
ауланып, стандарға тегіс тапсырылып, тұздалатын еді. Оны моторлы кемеге тиеп, Астрахань қаласына жөнелтетін.

Аташ кентіндегі балық комбинаты қарауында жетпіске жуық үлкенді-кішілі су кемесі балық аулаған еді. Онда 12 үлкен тоннажды кеме болды. Үшеуі балық ұнын жасап шығаратын зауыт болатын. Әр кемеде команда құрамы 32 адамнан тұратын, қалған тоғыз үлкен тоннажды кеме балықты аулап, мұздатып, қатыратын. Бұл құрамға ең соңғы алынғандары 1990-1991 жылы Литваның Клайпеда қаласынан жаңалай алған «Тюбкараган», «Адамташ» атты үлкен тоннажды балық аулайтын кемелері болды. Кеме құрамында 42 адам жұмыс істейтін. Олар екі, үш айға дейін портқа келмей-ақ өздері балықты аулап, ішіне қатырып, сыйымдылығы 65 тонна балықты өңдеп, басқа кемелер арқылы жіберіп тұратын. Бұл кемелердің өздерінде теңіз суын тұшытатын, ауыз суға айналдыратын қондырғы болды. Балық аулайтын аудандары Пирсагат, Грязный вулкан аумағы болатын. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында орталық Каспийде Ақтау қаласының тұсынан балық аулаған.

1997 жылдың аяғына дейін осы жоғарыдағы айтылған кемелер балық аулап тұрды, бірақ сол экономикалық дағдарыс деген сылтаумен жан-жақтан басын сұққан кәсіпкерлер өндірісті талан-таражға сала бастады. Өндірістегі жаңадан салынған балабақша мен екі клубымыз (біреуі Баутинде, екіншісі Аташта болған) жеке адамдарға сатылды. Ақыры кемелердің сол күйі қайда кеткенін білмей қалдық. Сонымен балық тоңазыту комбинаты өртеніп (кім өртегені белгісіз), баяғы дәурен көзден бұл-бұл ұшты. Бұрынғы алып жатқан жағалаулар: кеме жөндеу цехы, кеме тұратын орындар, комбинаттың трогалдары басқа қожайынға берілді. Бұрын екі мыңдай жұмысшысы болған Маңғышлақ балық аулау флоты осылайша жабылып тынды. Бұл өмір бойы осында тер төккен кәнігі балықшыларды қатты ызаландырған болатын» - деп еске алады.


Ж. ҚЫДЫРБАЕВА,
«Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Түпқараған аудандық филиалының басшысы

488
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Елде 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады

Келесі жаңалық

Маңғыстауда коронавирус індетінен емделіп шыққандар саны 410-ға жетті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ӘдебиетРедакция ұжымыМаңғыстау жаңалықтарыӘлем жаңалықтарыСұхбатАуыл өміріХабарландыруТағайындауРедакция туралыЖарнамаЖаңаөзен - 50 жылБіле жүріңіз

    Автордың басқа да жазбалары

    Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды

    Бүгін 11:38
    18

    Сот жүйесінде қазақ тілін жаңғыртудың негізі

    27 қазан, 11:24
    114

    Мұғалімдер күніне орай онлайн конкурс өткізілді

    27 қазан, 10:50
    100

    Медиацияның қолданылу саласы

    9 қазан, 16:40
    10

    «Тұрмыстық зорлық-зомбылық-қоғам кеселі»

    8 қазан, 18:04
    6

    Ең басты – Халық игілігі!

    28 қыркүйек, 14:31
    284

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»