Халықаралық мұғалімдер күні қарсанында British Council қазақстандық ұстаздар арасында «Ағылшын тілі пәні бойынша ең үздік видеосабақ» онлайн конкурсын өткізді. Конкурс Маңғыстау облысында «Тенгизшевройл» компаниясының қолдауымен English for Success («Ағылшын тілі жетістік жолында») жобасы аясында өткізілді.
«Теңізшевройл» ЖШС көптеген жылдар бойы өзінің Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында әртүрлі саладағы жобаларды, соның ішінде білім беру саласындағы жобаларды да, қаржыландырып келеді. Биыл, COVID-19 пандемиясы кезінде, «Теңізшевройл» мен Британдық Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің видеосабақтардың сапасын жақсарту бастамасын қолдап, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұғалімдердеріне арналған жобаны қолға алды.
200-ден астам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Олардың барлығы Уорик университетінің (The University of Warwick) қолданбалы лингвистика орталығының директоры Пенни Мосавиан ханымның вебинарын тыңдады. Дайындықтан өткен қатысушылар өздерінің видеосабақтарын жазды. Финалға 30 мұғалім, оның ішінде 12-сі ауыл мектептерінің мұғалімі іріктеліп, қосымша вебинарлар мен түрлі сессиялардан өтті. Бейне мен дыбыстың сапасын жақсарту үшін оларға видеокамера, құлаққап пен микрофондар сыйлыққа берілді.
Үшінші кезеңде жеңімпаздар анықталды.
1 орын: Ұлдана Наурызбаева, Маржан Бегенова, Тамара Черешко,
2 орын: Инга Құдайбергенова, Тея Кирия, Татьяна Фоменко, Татьяна Жукова, Айгүл Қошанова,
3 орын: Жанар Бақтыгереева, Әсел Халықберген, Аманбибі Қошанова, Шолпан Ерполатова, Анар Ахмадиева, Айгүл Еңсепова, Ирина Купреева.
Аталғандардың барлығына ноутбук, планшет пен электронды кітап табысталды. Жеңімпаздардың видеосабақтары әріптестеріне жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне қарамастан жақсы көмек болмақ.
Мұғалімдер конкурстың оң тәжірибесі туралы ойымен бөлісті:
«Сіздермен өткен күндер табысты әрі қызық болды. Оқыту мақсаты мен сабақ мақсатының айырмашылығын түсіндім. Видео үсіріп, YouTube-те аккаунт ашуды үйрендім. Өзіме сенімділігім артып, әрі қарай осы бағытта жұмыс істеуге, яғни балаларға арналған видеолар түсіруге жігерлене түстім. Бұл маған қатты ұнады! Осының барлығы Британ кеңесінің жобасы мен командасының арқасында. Пенниге бөлек рахмет айтқым келеді. Қымбатты әріптестер, барлығыңызға жеңіс, бақыт, табыс тілеймін. Іске сәт!», Жалия Жайдақбаева Алматы қаласы НЗМ мұғалімі.
«Мұндай тамаша жобаны ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары, сіздермен бірге өте жақсы еңбек еттік. Мен барымды салдым. Деніңіз сау болсын. Бәріңе сәттілік!» Елена Глухарева Көкшетаудағы №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия мұғалімі.
«Бүгін барлық материалды жүктеп қойдым. Бұл жобада білім алғаныма ризамын. Онлайн сабақ жазуда бізге тигізген жақсылығыңызға рахмет айтқым келеді. Пенни, сізбен танысқаныма қуаныштымын. Аман болыңыз», Маржан Бегенова, Маңғыстау облысы Боранқұл ауылындағы орта мектеп мұғалімі.
«Британ кеңесінің ұжымына жарысқа қатысу мүмкіндігі үшін рахмет айтамын. Бұл менің осындай тәжірибелі оқытушылармен алғашқы жұмыс тәжірибем. Пенни, жоба кезіндегі қолдауыңыз бен кеңестеріңізге рахмет! Барлығына бақыт пен денсаулық тілеймін! Нәтижелер мен тағы басқа жобаларға қатысу мүмкіндігін асыға күтемін» Наталья Буцыгина, Павлодар қаласы №1 орта мектеп мұғалімі.
«Британ кеңесінің ұжымына бізге істеген жақсылығы, қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Мұндай керемет жобада қатысу мүмкіндігіне алғыс. Әрине, Пенни мен қазылар алқасына біліктілігі мен әр қатысушыға жоғары деңгейдегі қатынасы үшін ерекше алғыс. Жаңа жобаларды асыға күтемін», Татьяна Жукова, Павлодар қаласы №39 орта мектеп мұғалімі.