2018 жыл басында еліміздің сот жүйесінің даму жолында елеулі өзгерістер орын алды. Жоғарғы сот тарапынан сот жүйесіне бірқатар стратегиялық тапсырмалардан тұратын «Cот жүйесінің 7 түйіні» атты жоба жол тартты. Бұл жоба сот жүйесінің жұмысын оңтайландыру және сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру бағытында қызмет атқаруды көздеді.
Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы».
Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін, жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Аталған жоба шеңберінде біраз жұмыстар атқарылды.
Сот актілері мазмұнының түсінікті, қарапайым тілмен жазылуын, сондай-ақ тараптарға сот актілерін түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтыды. Сот актілерінің жаңа форматы қарапайым адамға түсінікті форманы қалыптастырды. Жарияланған сот актілерінің заңды тұрғыда қабылдану негіздері тараптарға түсіндіріледі.
Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін жасалып отыр.
А. Туракбаева,
Ақтау қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі