Ең басты – Халық игілігі!
[ 2020 ] 28 қыркүйек, 14:31 | Жаңалықтар
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ІРІКТЕУ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫ
Есетов Қуаныш Қалпенұлы
Ақтау қаласының тұрғынымын.
Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында 31 қазан 1976 дүниеге келдім.
1999 жылы Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы университетін, отын-энергетика саласында экономист мамандығы бойынша бітірдім. 2006 жылы Астанадағы Қазақ гуманитарлық құқық университетін, құқықтану мамандығы бойынша бітірдім.
Ақтау халықаралық теңіз сауда портында, Қаражанбасмұнай мұнай кен орнында және Көлік және коммуникациялар министрлігі Су қөлігі департаментінде белсенді міндеттерін атқардым. 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық Теңіз Кеме Қатынасы Компаниясы» ЖШС-ге қызмет етемін.
БАҒДАРЛАМА
- Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын нығайту, басты назар дәрігерлерге әлеуметтік жағдай жасау, жалақыларын өсіру, оптимизация және қысқартуларды тоқтату, дәрігер мамандығының қоғамда беделін арттыру
- Білім беру жүйесінің жұмысын нығайту, мұғалімдерге әлеуметтік жағдай жасау, жалақыларын өсіру, білім беру жүйесінің шеті жоқ реформалауды тоқтату, мұғалімнің қоғамда беделін арттыру
- Ақтау қаласының, Маңғыстау өңірінің бюджеттерін өсіру, қазіргі бюджет жеткіліксіз, осы мақсатта салық саясатына өзгерістер енгізу, мысалы заңды тұлғалардың төлейтін кіріс салығаның 15%-ға дейін өңір және қала бюджетіне жұмсауды қарастыру
- Ақтау қаласының, Маңғыстау өңірінің транзиттік және туристік потенциалын өсіру
- Қошқар ата қоймасының мәселесін түбегейлі шешу, Ақтау қаласының, Маңғыстау өңірінің жалпы экололгия сараптамасын жасау, осы саладағы ақуалдарды анықтау
- МАЭК-тің құрал жабдықтарын жаңарту (өте тозған), электроқуат және жылу бағамының төмендету мүмкіндігін қарастыру (еліміз бойынша ең жоғары)
- Азаматтарға, баспана алуға жеңілдіктерді қарастыру, соның ішінде пайызсыз және бастапқы жарнасыз несие беру
- Маңғыстау өңірі, Ақтау қаласы қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту
Мекемелерде қысқартуларға жол бермеу!!! Дағдарыс кезінде халықты жұмыссыз қалдыру – қылмыс!!!
Маған дауыс беруіңізді өтінемін!
1041
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.