Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, Т. 03 тамыз 2020 жылы сағат 17:40 шамасында Ақтау қаласы, 11«а» шағынауданы, «Заман» сауда орталығына қарама-қарсы жолда, өзінің басқаруындағы «Toyota Camry» көлік құралымен жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын абайсызда бұзып, кері бұрылу барысында қарсы бағытта тіке қозғалған «Geely SC7» көлік құралына соғып, оның бүлінуіне әкеп соғып, материалдық залал келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Сотпен Т. кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 55 560 теңге айыппұл салынған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.