ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында азаматтардың жүріп-тұруы бойынша нақты шектеу шаралары бекітілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, мынадай шешім қабылданып отыр:
1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
2. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат ету;
3. Тұрғындардың көшеде, саябақта, скверде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.