Қазақстан Республикасының Президентімен 2015 жылдың 20 ақпанында «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойылған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында жарияланған адам отбасының барлық мүшелеріне тән қадір-қасиеті мен құндылығы және олардың тең әрі ажырамас құқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпыға бірдей татулықтың негізі ретінде танылатын қағидаттарын еске сала отырып, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және адам құқықтары жөніндегі халықаралық фактілерде әрбір адам қандай да болмасын айырмашылықсыз оларда көзделген құқықтар мен бостандықтарға ие деп жариялағанын және бекіткенін мойындай отырып, адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының жалпыға бірдейлігін, бөлінбестігін, өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын, сондай-ақ мүгедектерді кемсітпей олардың толық пайдалануына кепілдік беру қажеттігін растайтын құжат болып табылады.
Осы Конвенцияның мақсаты – барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі №39 заңының 25-бап 3-тармағына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-тармағына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілеттіорганның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзырына мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жатады.
Аталған заңнама аясында Еңбек, әлеуметтік және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қатысты 2019 жылы 47 профилактикалық бақылау және 16 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 56 мекеменің басшысына құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 83-бабының 1-бөлігіне сәйкес 5 лауазым иесіне жалпы сомасы 1 616 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
2019 жылы нұсқама берілген 56 нысанның бүгінгі күні 24-і, яғни 42%-ы жойылып, қалған объектілер бойынша нұсқаманың орындалуы бақылауға алынды.
2020 жылдың қаңтар мен мамыр айларының қорытындысы бойынша 6 профилактикалық бақылау және 4 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 9 лауазым иесіне құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Жүргізілген профилактикалық бақылау мен тексеру барысында объект аумағында мүгедектерге арналған автотұрақтың болмауы, кіріс тобындағы пандустар мен баспалдақтардың және есіктабалдырықтарының талапқа сай еместігі, қызмет көрсету аймақтары мен санитарлық топтарға қолжетімділіктің қамтамасыз етпеу түрлері жиі кездеседі.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзуға жол берілмейтіні және оларды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 83-бабына сүйеніп лауызымды тұлғаларға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
А.Қалмағамбетова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.