Аудан әкімі Бейнеубек Әбілов онлайн-брифингте вирус жұқтырғандар жайы мен қауіпті індетпен күрес жөнінде айтып берді.
Аудан орталығында жаңадан 50 орындық обсервациялық орталық ұйымдастырылды. 115 орындық провизорлық госпиталь, 70 орындық инфекциялық госпиталь ұйымдастырылды. Аудан аумағына сырттан келген, ауырып әлде күдікпен түскен науқастардан жалпы саны 2 935 сынама алынып лабораториялық зерттеуден өтті. 155 сынама оң нәтиже көрсетті, яғни 155 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды МО ҚКО.
155 науқастың 9 облыстық инфекциялық госпитальге жолданып, 94-і жазылып шықты, 26 науқас емін жалғастыруда. Науқастардың жағдайы толық бақылауға алынған, үй карантинінде – 133 адам, телефон шалу арқылы жағдайы анықталып отырған – 15 адам бар. Олардың мекен-жайы бойынша еріктілер, полиция қызметкерлерінен құрылған топ тұрақты кезекшілік жүргізуде.
Емдік шаралары мен блок-бекеттердің жұмысына 70-ке жақын медициналық қызметкер 48-ден астам полиция жұмылдырылды.
Құрметті Бейнеуліктер!
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар жұмысын жандандырды. Азаматтар жұмысына қайта оралды. Саябақтар мен қоғамдық орындар есігін қайта ашты. Осыған сәйкес сыртта жүрген азаматтардың да саны артты. Осы арқылы қауіп арта түсуде. Қауіпті дерттен сақтанудың ең бірінші талабы жеке бастың гигиенасы, халық шоғырланған жерде маска тағу, антисептик пайдалану, той садақа, қонаққа бармау, жанұялық шаралардан бас тарту. Жұмыс орнында, дүкендерде, базарда санитариялық талаптарды сақтау, сақтану. Осы талаптарды орындау арқылы ғана тек қана өзіміз емес, жанұя мүшелерінің, жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Бүгінгі таңда адамзатқа келіп тұрған үлкен сынақ. Осы сынақтан саналы түрде сабырлылық пен шыдамдылық таныта отырып өтетінімізге сенемін.