Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқу жылының аяқталуына байланысты оқулықтарды мектеп кітапханасына тапсыру жұмысы бекітілген кесте бойынша рет-ретімен жүргізіледі. Тағы айта кететін жайт, мұғалім еңбек демалысына шығуына байланысты мектеп оқушыларына оқулықтарыңызды тез арада тапсырыңыз деп, мектепке топтап шақыруға болмайды. Ал жоспар бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу белгіленген уақыт бойынша өтеді.
«Онлайн соңғы қоңырау» шарасы белгілі бір мерзімде өткізілмейді. Икемді кесте бойынша өтеді. 3-4 маусымда өтетін атестат беру кезінде сақтық шаралары қатаң сақталуы қажет. Егер сақтық шаралары сақталмай, айтылған ұсыныстар ескерілмейтін болса, біздің тарапымыздан тиісті әкімшілік шара қолданылуы мүмкін», - деді Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ .
Еске сала кетейік, 6 сәуірде білім беру ұйымдары мен мұғалімдерден сұралатын есептіліктердің санын шектеу туралы 130-бұйрық қабылданған болатын.