Aktau Open Fest 2016 фестивалінің ашылу салтанаты Ақтау қаласының теңіз жағалауында өтті.
Фестивалді ресми түрде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ашты. Өңір басшысы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын, фестиваль қатысушыларын музыка және спорт мерекесімен құттықтады. Биылғы «AktauOpenFest 2016» Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналады деп атап өтті Алик Айдарбаев. Осы жылы облыстық әкімдік фестиваль ұйымдастырушыларының бірі болып табылды. Сондай-ақ, әкімдік ауқымды спорттық шаралардың жыл сайын өткізілуіне белсенді қолдау білдіріп келеді.
- Спорттық бірлік пен денсаулық мерекелері бірнеше қайтара өткізіле береді. Фестивалдің ересектер үшін де, балалар үшін де спортпен шұғылдануға мықты ынта беретінін уақыт дәлелдеп келеді. Бұл фестиваль –өмірін жаттығусыз елестете алмайтын адамдар үшін жаңа шеберлік шыңдарын бағындыруға деген ынтаны оятады, - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.
Кеш барысында Маңғыстау ақын-жыраулары шығармаларының антологиясы іспеттес, 5 томдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап "Тіл таңбалы ақындар" деп аталады. Бұған дейін Маңғыстау ақын-жырауларының 25 шығармашылық өкілін қамтыған "Жыр дария" деген жинақ бар болатын. Енді жаңа көптомдыққа 52 ақынның мұрасы енді. - Маңғыстау жыраулық поэзиясын ғылыми айналымға енгізген Қ.Сыдиықов, Ж.Тілепов, Б.Нұрдәулетова секілді ғалымдар болатын. Ал ел арасынан ескі жырларды жинақтаумен марқұм Жетібай Жылқышыұлы бастап айналысқан еді. Бұл жинақта Өгізбай Малгелдіұлынан бастап Өткелбай Ұзақбайұлына дейінгі 3 ғасырдың үні бар, - деп атап өтті "Тіл таңбалы ақындар" жинағының шығарушысы Әнуар Бимағамбет. Кітап ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен басылды. 5 томнан тұратын жинақ 130 баспа табақ көлемінде. Кітап әдебиетші, мәдениеттанушы, өнертанушы ғалымдарға, сондай-ақ орындаушыларға, жалпы жыр сүйер қауымға арналады.Мереке қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті вокалды-аспаптық ұжымның жарқын концертімен жалғасуда. Ашылу салтанатының басты жұлдыздарының бірі Сүндет Байғожин болды. Опера әншісі, баритон, «Астана Опера» ОБМТ-ның жеке орындаушысы маңғыстаулықтарды танымал шығармаларды классикалық үлгіде орындауымен баурап алды. Әсіресе қала тұрғындары Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі, бірнеше марапаттар мен сыйлықтардың иегері Нұрлан Өнербайды зор ықыласпен қарсы алды. Еліміздің ең сүйікті және танымал әншілерінің бірі өзінің хит әндерін көрермендермен бірге қосылып орындады. Республикамызға танымал, еліміздің сүйікті әншісі Тамара Асар - мерекенің жүргізушісі болды. Маңғыстаулық Мерей Матье сондай-ақ өзінің хит әндерін де орындады.
Дереккөз: Mangystau Online Суреттерді түсірген ТАЛАНТ ҚҰСАЙЫН