Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті медициналық қызметкерлерге төлемдер мен «Bіrgemiz» қоғамдық қорынан берілетін төлемдерге қатысты жолданған сауалдарға байланысты келесіні хабарлайды.
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) 1-тармағында төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне, төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша, ауруханалық ұйымдардың (жеке меншік ұйымдар), медициналық практика және стоматология саласында (жеке меншік ұйымдар) қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «0» түзету коэффициенті белгіленген.
Қаулының 4-тармағында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі №28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін үстемеақы төлем көзінен, әлеуметтік салықтан, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан, әлеуметтік аударымдардан, жарналардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардан ұсталатын жеке табыс салығының объектілері болып табылмайды.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Bіrgemiz» Қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік жағынан неғұрлым осал топтарына көмек көрсетеді.
Қолданыстағы салық заңнамасының нормаларына сәйкес «Bіrgemiz» Қоғамдық қорының жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау түрінде 647 АЕК көлемінде қайырымдылық көмегі төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатпайды.
Осылайша, табыстардан салық және әлеуметтік төлемдер төлеуден босату:
- Қаулының 1-тармағы негізінде микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша;
- Қаулының 4-тармағы негізінде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қызметкерлердің үстемеақылары бойынша;
- Салық кодексінің 1-бабының 20), 38) тармақшаларының және 341-бабы 34) тармақшасының негізінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау түрінде «Bіrgemiz» Қоғамдық қорынан төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі.