25 сәуір күні Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған 6 адам тіркелді. Барлығы да осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған, провизорлық тексерісте жатқан азаматтар.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, алтауынан да алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Бірінші науқас – күні кеше қайтыс болған әскери қызметкердің 1990 жылы туған әріптесі. Ол тұратын 22 шағын аудандағы үй подъезі карантинге жабылды.
Екінші, үшінші науқас – кеше вирустан қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласы. 2006, 2007 жылы туған.
Төртінші, бесінші науқас – осыған дейін тіркелген полиция қызметкерлерімен байланыста болған 1996, 1997 жылы туған тәртіп сақшылары. Олар тұратын Ақтаудағы 17 және 26 шағын аудандағы үй подъездері карантинге жабылды.
Алтыншы науқас – осыған дейін тіркелген полиция қызметкерінің әйелі. Бұл мекен жай осыған дейін карантинге жабылып, дезинфекцияланған болатын. Науқастармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
25.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 26 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді.
Ақтауда – 15;
Жаңаөзенде – 4;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Жазылып шыққаны – 4;
Қайтыс болған – 1.
Ауырғандардың контингенті бойынша: медицина қызметкері – 1 жағдай, полиция қызметкерлері – 5 адам, әскери қызметкер – 2 жағдай, зейнеткер – 2 жағдай және жұмыссыздар – 14 адам, бала – 2.