Маңғыстау тұрғындары жеке мәселесімен қай мекемеге хабарласа алады?
[ 2018 ] 17 қаңтар, 13:00 | Сұхбат
Өлкемізде тұрғындардың жеке мәселелерін қарайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына қарасты арнайы бөлімге ағылған жұрт көп. Ендеше, шын мәнінде аталған бөлім халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешіп бере ме? Қоғамдық қабылдаудың қызметі қандай? Қарапайым тұрғындар еркін кіріп, арызын айтуға құқылы ма? Осы сұрақтар төңірегінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мұхамбет Сәбенұлы Жайлыбаев жауап берді.
- Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі қандай? Тұрғындар көбінесе қандай мәселе бойынша арыз айтып келеді?
- «Нұр Отан» партиясының аясында қызмет ететін қоғамдық қабылдау бөлімі – Қазақстанның барлық азаматы өзін толғандырған мәселемен еркін кіріп, шағымын айтуға мүмкіндік беретін жер. Тұрғындар әр кабинеттің есігін тоздырып, ұзақ уақыт сарылып, өзінің проблемасын шеше алмай қалған кезде, ендігі үмітті бізден іздеп келеді. Тұрғындар көбінесе үй, жер мәселесі, жұмыссыздық, мекеме мен жұмысшы арасындағы келіспеушілік жағдайлары туындаған кезде бізге келіп жатады. Заңсыз жұмыстан шығарып жіберу, тиісті төлемақы ала алмау, жұмыстағы келеңсіздіктер, қоғамдық жол тасымалдаушы көліктегі оқиғалар, қысқасы, келіп түскен арыздардың шегі жоқ.
- Қоғамдық қабылдау кабинетіне тұрғындар жиі келе ме?
- Күніне арыз-шағымын арқалап, кемінде 10-15 адам келеді. Олардың бәрінің бірдей көңілін қалдырмай мәселесін оң шешіп беруге тырысып жатамыз. Сауатты заңгерлерге, тиісті мамандарға сілтеп, бағыт беретін кездеріміз болады.
- Қоғамдық қабылдау бөлмесі қай күндері тұрғындарды қабылдайды?
- Маңғыстау тұрғындарын дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Сейсенбі, бейсенбі күндері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұри Тұмышевтың өзі қабылдайды.
- Жыл басталғалы қандай мәселе оң шешімін тапты?
- Жақында бір тұрғын келді, жол апаты кезінде көлігі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бізге келіп арызданғаннан кейін Ішкі істер департаменті басшысының қабылдауына кіріп, арнайы зерттеуден кейін өз көлігін тапты. Осылайша бұл іске кінәлі күдікті анықталып, іс қозғалды.
Аудандарда мәселе өте көп. Халыққа жер берілген, үй салайын десе, жердің қақ ортасында трансформатор тұр деп арыз айтып келген азамат болды. Жер иесі трансформаторды алдыра алмай, бірнеше кабинеттің есігін тоздырады. «Нұр Отан» партиясы бұған араласып, ертесі күні-ақ трансформатр алынып тасталды. Азаматтың қуанышында шек жоқ. Біз өлкемізде үй салуға мүмкіндігі бар бір отбасының көбейетініне риза болдық.
- Қоғамдық қабылдауға ауылдың адамдары қаншалықты жиі келеді?
- Биыл Емір ауылының тұрғындары өз шағымын айтып келді. «Біздің ауылда пойыз тоқтамайды. Егер пойыз бір минутқа бекетке тоқтаса, қалаға еркін келіп-кете алар едік. Емір ауылына жолаушылар тасымалдайтын көлік керек-ақ», - дейді олар. Облыстық депутаттар осы мәселені көтеріп, тиісті органдарға хат жазылып, нәтижесінде Емір ауылына пойыз тоқтап, жолаушылардың Маңғыстау станциясынан түсуге мүмкіндігі бар.
- Сіз басқарып отырған бөлім мүмкіндігі шектеулі жандардың сұрауымен қандай игі іске мұрындық болды?
- Қоғамдық қабылдау бөлмесіне мүмкіндігі шектеулі жандар көп келеді. Мүмкіндігі жоқтар телефон арқылы хабарласып мұңын шағады. Жақында болған оқиға, 27 шағынаудан, 18 үйде тұратын мүмкіндігі шектеулі азамат хабарласты. 2 қабатта тұратын ол подъезде мініп түскенде сүйейтін таяныштың жоқтығына қынжылады. Біз сол аумаққа жауапты ПИК-ке ескертіп, подъез баспалдағына таяныш орнатуға көмектестік. Өлкемізде көзі көрмей, құлағы естімейтін, жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасау – басты міндетіміз. Тағы бір ескере кететін жайт, жыл басынан бері Маңғыстау облысы әкімі, орынбасарлары, облыстық прокуратура, әділет департаменті сияқты бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшыларымен қоғамдық қабылдау өткізу уақытының кестесін жасаймыз. Тұрғындар белгілі бір күндері өзін толғандырған мәселемен тиісті органдардың басшысына кіре алады. Сонымен қатар депутаттардың да арнайы қабылдайтын күндері бекітілген.
Сұхбаттасқан Айгүл ДӘДЕН
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы 2018 жылдың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде облыстық депутаттарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі
№
Азаматтарды қабылдау уақыты
Азаматтарды қабылдайтын орны
Қабылдаушының аты-жөні мен лауазымы
1
2018 жыл 05-ші қаңтар
2018 жыл 05-ші сәуір
2018 жыл 03-ші тамыз
2018 жыл 02-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№1-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «НМСК» «Казмортрансфлот» ЖШС-нің бас директоры Орманов Марат Кушкенбаевич
2
2018 жыл 12-ші қаңтар
2018 жыл 13-ші сәуір
2018 жыл 13-ші тамыз
2018 жыл 14-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№2-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, мәслихат хатшысы Трұмов Серікбай Өтелгенұлы
3
2018 жыл 01-ші ақпан
2018 жыл 15-ші мамыр
2018 жыл 15-ші тамыз
2018 жыл 15-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№3-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Артэк» ЖШС-нің директоры Клинчев Дмитрий Александрович
4
2018 жыл 02-ші ақпан
2018 жыл 04-ші мамыр,
2018 жыл 14-ші тамыз,
2018 жыл 04-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№4-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «АрғымақТрансСервис» ЖШС-нің президенті Кульшиков Шаттық Бисенбаевич
5
2018 жыл 09-шы ақпан
2018 жыл 11 -ші мамыр
2018 жыл 10-шы тамыз,
2018 жыл 09-шы қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№5-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «ForteBank» АҚ Ақтау филталының директоры Урисбаев Аббат Жангирханович
6
2018 жыл әр аптаның II, IV-ші күндері
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№6-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тумышев Нури Лазарұлы
7
2018 жыл 10-шы қаңтар
2018 жыл 10-шы сәуір
2018 жыл 27-ші шілде
2018 жыл 11-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№7-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Корпорация Каспий Строй Сервис» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұсабаев Самат Базарбайұлы
8
2018 жыл 07-ші ақпан
2018 жыл 17-ші мамыр
2018 жыл 17-ші тамыз
2018 жыл 30-шы қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№8-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Мерос» ЖШС-нің директоры Дүйсенбаев Мереке Жауынбайұлы
9
2018 жыл 02-ші наурыз
2018 жыл 01-ші маусым
2018 жыл 05-ші қыркүйек
2018 жыл 04-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№9-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «УПП» ЖШС-нің бас директоры Қазахбаев Оспан Дәденұлы
10
2018 жыл 02-ші наурыз
2018 жыл 06-шы маусым
2018 жыл 05-ші қыркүйек
2018 жыл 06-шы желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы
№10-шы сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «КТЖ» АҚ-ның Маңғыстау филиалы, Маңғышылақ» станциясының бастығы Әміров Табылды
11
2018 жыл 13-ші ақпан
2018 жыл 11-ші мамыр
2018 жыл 10-шы тамыз
2018 жыл 13-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№11-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның ЦИТД департаментінің директоры Куванов Абай Айтбаевич
12
2018 жыл 28-ші ақпан
2018 жыл 31-ші мамыр
2018 жыл 04-ші қыркүйек
2018 жыл 04-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы
№12-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Мұнайлы ауданы, Дәулет елді-мекені №4 орта мектеп директоры Кулмеханова Дина Тілепбергенқызы
13
2018 жыл 16-шы қаңтар
2018 жыл 17-ші сәуір
2018 жыл 02-ші тамыз
2018 жыл 16-шы қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы
№13-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «НК «КТЖ» АҚ Маңғыстау бөлімшесінің басшысы Губашов Нажімеден Бақтығалиевич
14
2018 жыл 10-шы қаңтар
2018 жыл 10-шы сәуір
2018 жыл 27-ші шілде
2018 жыл 11-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы
№14-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС-нің директоры Жакаева Сәуле Бердыхановна
15
2018 жыл 02-ші ақпан
2018 жыл 04-ші мамыр
2018 жыл 14-ші тамыз
2018 жыл 04-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы
№15-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Жанарыс» ЖШС-нің директоры Дәрменов Жаңбырбай Тажигулович
16
2018 жыл 01-ші ақпан
2018 жыл 15-ші мамыр
2018 жыл 15-ші тамыз
2018 жыл 15-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы
№16-шы сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Ибағаров Мақсат Онгарбаевич
17
2018 жыл 10-шы қаңтар
2018 жыл 10-шы сәуір
2018 жыл 27-ші шілде
2018 жыл 10-шы желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№17-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Бұрғылау» ЖШС-нің директоры Сариев Асхат Мұратұлы
18
2018 жыл 09-шы ақпан
2018 жыл 11-ші мамыр
2018 жыл 10-шы тамыз
2018 жыл 09-шы қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№18-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Теміртас-1» ЖШС-нің диреторы Таңатаров Досжан Байжанович
19
2018 жыл 25-ші қаңтар
2018 жыл 25-ші сәуір
2018 жыл 03-ші тамыз
2018 жыл 02-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№19-шы сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Казазот» ЖШС-нің директоры Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы
20
2018 жыл 09-шы ақпан
2018 жыл 11-ші мамыр
2018 жыл 13-ші тамыз
2018 жыл 09-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалы
№20-шы сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Рәббім-Құрылыс» ЖШС-нің директоры Борашов Раббім Байбозович
21
2018 жыл 23-ші қаңтар
2018 жыл 24-ші сәуір
2018 жыл 24-ші шілде
2018 жыл 24-ші қазан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№21-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Алтынқұрық» ЖШС-нің техникалық директоры Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы
22
2018 жыл 20-шы қаңтар
2018 жыл 29-шы маусым
2018 жыл 26-шы қыркүйек
2018 жыл 18-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№22-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Oil Real Estate» ЖШС-нің Ақтау филиалының директоры Салманов Ахмет Утегенович
23
2018 жыл 07-ші наурыз
2018 жыл 30-шы мамыр
2018 жыл 30-шы тамыз
2018 жыл 30-шы қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесі 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
№23-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Каспий АҚ» ЖШС директоры Дербісов Қалым Бисенұлы
24
2018 жыл 13-ші ақпан
2018 жыл 14-ші мамыр
2018 жыл 13-ші тамыз
2018 жыл 13-ші қараша
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы
№24-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының басшысы Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбаевич
25
2018 жыл 28-ші ақпан
2018 жыл 31-ші мамыр
2018 жыл 04-ші қыркүйек
2018 жыл 04-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы
№25-ші сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Б-групп оперейтинг» ЖШС-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор орынбасары Кетебаев Атқощы Амантаевич
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2018 жылға арналған
жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау
КЕСТЕСІ
№
Азаматтарды қабылдау уақыты
Азаматтарды қабылдайтын орны
Қабылдаушының аты-жөні мен лауазымы
1
2018 жыл 23-ші ақпан
2018 жыл 18-ші мамыр
2018 жыл 24-ші тамыз
2018 жыл 22-ші қараша
сағат 10:00 – 12:00
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы
2
2018 жыл 26-шы қаңтар
2018 жыл 13-ші сәуір
2018 жыл 27-ші шілде
2018 жыл 26-шы қазан
сағат 15:00-17:00
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аманғалиев Серік Қалешұлы
3
2018 жыл 02-ші наурыз
2018 жыл 08-ші маусым,
2018 жыл 14-ші қырқүйек
2018 жыл 14-ші желтоқсан
сағат 15:00-17:00
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сқаков Мақсат Нұрлыбекұлы
4
2018 жыл 26-ші ақпан
2018 жыл 25-шы мамыр,
2018 жыл 23-ші тамыз,
2018 жыл 30-шы қараша
сағат 15:00-ден бастап
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ильмұханбетова Шолпан Лазарқызы
5
2018 жыл 31-ші қаңтар
2018 жыл 04 -ші мамыр,
2018 жыл 01-ші тамыз,
2018 жыл 07-ші қараша
сағат 15:00-ден бастап
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сакеев Руслан Кенесарыұлы
6
2018 жыл 01-ші ақпан
2018 жыл 01- ші маусым,
2018 жыл 05-ші қырқұйек,
2018 жыл 05-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден бастап
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы
7
2018 жыл 09-шы ақпан
2018 жыл 31-ші мамыр
2018 жыл 03-ші тамыз
2018 жыл 03-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден бастап
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облыс прокуроры, 3-ші дәрежелі мемлекет әділет кеңесшісі Сартаев Дастан Шаймерденұлы
8
2018 жыл 06-шы наурыз
2018 жыл 15-ші маусым
2018 жыл 21-ші қырқұйек
2018 жыл 21-ші желтоқсан
сағат 15:00-ден бастап
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облыстық ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы
9
2018 жыл 23-ші ақпан
2018 жыл 18-ші мамыр
2018 жыл 22-ші тамыз
2018 жыл 22-ші қараша
сағат 10:00 – 12:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
Маңғыстау облысы бойынша
департаменті басшысы
Мұхамадиев Айдос Қалыбекұлы
10
2018 жыл 28-ші ақпан
2018 жыл 18-ші мамыр
2018 жыл 21-ші тамыз
2018 жыл 22-ші қараша
сағат 10:00 – 12:00 –ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облыстық әділет департаментінің басшысы Балғазин Руслан Байболатұлы
11
2018 жыл 23-ші ақпан
2018 жыл 18-ші мамыр
2018 жыл 22-ші тамыз
2018 жыл 22-ші қараша
сағат 10:00 – 12:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанназарова Нұргүл Алмасқызы
12
2018 жыл 23-ші ақпан
2018 жыл 18-ші мамыр
2018 жыл 27-ші тамыз
2018 жыл 22-ші қараша
сағат 10:00 – 12:00-ге дейін
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиал ғимаратының мәжіліс залы, 14 ш/а., 1 «б» үй, 3-ші қабат
Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы м.а. Берішбаев Қуаныш Серікқалиұлы
1332
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.