Түбектегі темір жол мекемелерін сумен қамтушы "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС өткен алты айда жөндеу жұмыстарына жоспарланған қаржыдан 4 млн. 367 мың теңге үнемдеген. Көп шығынсыз, есесіне жұмысты ойдағыдай орындаудың жолын тапқан серіктестіктің өзге көрсеткіштері де көңіл толарлық.
Жыл басында мекемеге жарты жылда 368 млн 314 мың теңге табыс түседі деп болжаныпты. Бірақ межелі мерзімдегі нәтиже одан әдәуір жақсы. Кіріс көлемі 24 млн 117 мың теңгеге артқан. Шығыстар - керісінше, азайған. Жоспарда 336 млн. 946 мың теңге болса, оның 13 млн. 453 мың теңгесі мекеменің "қалтасында" қалыпты. Таза пайда да болжанған сомадан анағұрлым артық. Күтілген 31 млн. 368 мың теңге емес, 57 млн. 892 мыңды құраған. Бұл жөнінде мекеменің бас инженері Айтұр Елеусін айтты. Бас инженердің мәліметінше, ЖШС-тің белгіленген кезеңдегі басты жаңалықтарының бірі - "Мөлдыр бұлақ" бағдарламасы аясында 1400 метрлік құбырды жөндеуден өткізгені. Яғни, Шетпе станциясында 700 метрлік кәріз су және тағы сол көлемде Бейнеу станциясынан су құбырырларына күрделі жөндеу жүргізілген. Шетпедегі құбырдың жұмыстарын әубаста 8 млн. 859 мың теңге жұмсау көзделіпті. Дегенмен дәл сол шаруаны 5 млн. 615 мың теңгемен-ақ тыңғылықты тындырудың үддесінен шыққан мекеме, 3 млн. 244 мың теңгені ауаға ұщұдан сақтап қалыпты. Екінші нүктедегі жөндеуден 1 млн 123 мың теңге үнемделген.
- Қазір серіктестік негізгі 7 нысанға қызмет көрсетеді. Соның 80 пайызы теміржолға тиесілі. Сондықтан табысымыздың басты көзі де - теміржол. Шеткі мекемелерден келетін қосымша кірістеріміз де бар. Біздің мақсат - белгіленген орындарды сумен қамтып, су жейесінің жұмысын сапалы үйлестіру. Мұның үшін тенхологиялардың талапқа сай болуы аса қажет. Осы бағытта 2012 жылдан бастап "Мөлдір бұлақ" бағдарламасы бойынша автотехниканы түгелдей жаңартып, өзен суын тұтынатын 5 станцияға залалсызданғыш қондырғысын салдық. Қазіргі күнге дейін су желісі 90 пайызға жаңартылды. Процес әлі де жалғасуда. Екінші жартыжылдықта Каркөл станцияында 500 метр су құбыры ауыстырылып, Опорныйда су сақтау резервуарына күрделі жөндеу жасалады, - дейді Айтұр Жолдасұлы.
Ал үнем қаражаттың мекеме қазынасында қалып, өзге де эксплуатациялық шығындарға жұмсалуы күтілуде.
Шахида ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="32889,32886,32888"]