Маңғыстаудағы шыңырау құдықтардың сіз білмейтін құпиялары
[ 2019 ] 2 сәуір, 10:56 | Сараптама
Маңғыстаудың киелi жерi – тек қазба байлықтары емес, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының iшiнде Маңғыстау ескерткiштерiнiң алатын орны ерекше. Сұлулығы таңқалдырар өлкемiздiң ғажайып ескерткiштерi - бабаларымыздан қалған асыл мұра. Маңғыстау өңiрiнiң қай түкпiрi болмасын, малдың тұяғы, малшының табаны тимеген жер кемде-кем. Бұл өлкенiң саяси, экономикалық тiршiлiгiнiң негiзi болған құдықтардың тарихы сонау орта ғасырдан белгiлi бола бастады. Маңғыстау-Үстiртте Қарақалпақ Республикасы мен Түрікменстан шекарасына дейiнгi жерлерде байырғы қыстақтар мен керуен жолдарының бойында құдықтар көптеп орналасқан. Олар ғасырлар бойы сақталып келген және көшпендiлердiң өмiр-тұрмысында үлкен қызмет атқарған. Маңғыстау мен Үстiрт құдықтарының денi таспен өрiлiп, жоғарғы ауыз жағы шегенделген. Ғасырлар бойы осы өңiрдi жайлап-қыстаған халық өмiр көзi - құдықтың негiзгi 4 түрiн пайдаланып келген.
Шыңырау – тереңдiгi 6 м-ден 65 м-ге дейiн жететiн құдықтар.
Тайыз құдықтар - тереңдiгi 3-6 м-ден аспайды.
Орпа – уақытша пайдалануға қазылатын тайыз құдықтар. Олар шегенделмейдi.
Апан- жары құламалы кең етiп қазылған ең көзi жақын құдықтар.
Шебер, аты аңызға айналған, артына өшпес мұра қалдырған Бейнеубай Құлшарұлы, Ерше Исанұлы, Орақ, Өмiр Оразұлы, Шотан Назарұлы, Бәйтi Өтейұлы, Көрпе Бисенбай, Бегей Мақышбай, Сартай, Тоқтамыс Асқарбай Қарағұлұлы, Бабық Мыңбай сияқты құдықшылар болған.
Маңғыстаудағы белгiлi құдықшылардың бiрi
Бейнеубай Құлшарұлы туралы қысқаша айта кететiн болсақ, ол 1864 жылы туған. Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкiртi. Қай жерден су шығатынын бiлген керемет құдықшы, талай елдiң шөлiн қандырып, сауабын алған өте қабiлеттi, көрiпкел адам болған. Ерекше көрiпкелдiгi бар құдықшы 30 жылдары «көрiпкел», «молда» деген атағынан қорқып, бас сауғалап, Иран жерiне кетедi. Өлкемiздiң атақты құдықшысы Бейнеубай Құлшарұлы 1941 жыжы жат жерде көз жұмды. Зираты - Иранда, Күмiстөбе деген жерде.
Бейнеубай Құлшарұлы Маңғыстау ойы, Үстiрттен Дүңгiрлiк, Бесекөз-Тәңке, Күдерсу, Қарашқазған, Ұлы қыземшектегi, Дауысты, Киiкбай, Ұзын құдықтарын қазып, артына өшпес мұра қалдырған.
Түрікменадайдың (тiнейi) Шам-Талпақ Адайдың iшiнде мырза сақи адам болған. Сол кiсi Үстiрттегi Дүңгiрлiк құдығын Бейнеубайға қаздырыпты. Дүңгiрлiк - Сай-Өтестен 56 шм шығыс бағытта орналасқан. Аталған құдыққа басыңды еңкейтiп қарасаң, құлағыңа дамылсыз ағып жатқан сарқыраған судың дыбысы дүңгiр-дүңгiр етiп жататындықтан, Дүңгiрлiк атанған екен.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="76476,76477"]
Ұзын құдығы - Сай-Өтестен 55 шм оңтүстiк бағытта орналасқан.
Ұлы қыземшек құдығы - Сай-өтестен 48 шм шығыс бағытта, тереңдiгi - 8,5 м. Ұлы қыземшек пен Күдерсу Жаманадай руының Бейнеубайға қаздырған құдықтары екен.
Маңғыстаудағы белгiлi құдықшылардың бірі
Шолақ Ерше Исанұлы. Ол - Шолаққазған, Жолбаян, Байлепес, Отар құдықтарын қазушы. Сай-Өтес маңындағы қазылған құдықтардың көпшiлiгi Ерше қазған құдықтар.
Шолаққазған - Қарақия ауданы Төлеп жерiнен 97 шм солтүстiк бағытта орналасқан. Құдықтың тереңдiгi - 19 м.
Шегем Орақ - Оңтүстiк Үстiрттегi Бәлидiң 3 суын, Шегемқазған құдықтарын қазған. Бәли құдығын- мал баққан көшпелi Бәлилер ауылы бiрлесiп қаздырғандықтан Бәли деп аталған екен.
[caption id="attachment_76478" align="aligncenter" width="1024"] Шегемқазған құдығы.[/caption]
Шегемқазған - Бейнеу ауданы Ақжiгiттен 112 шм оңтүстiк бағытта, тереңдiгi- 24 м.
Бегей Өмiр Оразұлы - атақты құдықшы, әрi батыр болған. Батырлығы сол, маңдайы дұшпанынан қайтпаған, жаудан оралған бiр сапарында ақ матаның үстiне шешiндiрiп қарағанда денесiнде 30 оқ қадаулы тұр екен дейдi. Ұзын, Терең, Бесшыңырау, Ақшоқы құдықтарын қазған.
[caption id="attachment_76479" align="aligncenter" width="1024"] Бесшыңырау құдығы.[/caption]
Бесшыңырау - Бейнеу ауданы Ақжiгiттен 42 шм оңтүстiк бағытта орналасқан. Құдықтың тереңдiгi - 22,5 м.
Шотан Назарұлы – Әбiлхайыр қолының iшiнде Адай жасағын басқарып, Бұланты, Жайық бойындағы, Аңырақай даласындағы жоңғарлармен болған шайқасқа қатысқан, Кiшi жүз қолының бас сардары, батыр, әрi құдықшы 1705-1786 жылы өмiр сүрген. Сисем-ата қауымында жерленген.
Шотан шымырауы - Сай-Өтестен 39 шм оңтүстiк-шығыс бағытта орналасқан. Құдықтың тереңдiгi - 25 м. Ел аузындағы әңгiмелерде құдықшылардың 1 жылда қазатын шымырау құдығын Шотан 1 айда қазған деп айтады.
[caption id="attachment_76489" align="aligncenter" width="1024"] Мәстек құдығы[/caption]
Бәйте құдығы - Сай-Өтестен 50 шм солт-шығ бағытта орналасқан. Бәйте құдығын
Бәйтi Өтейұлы қазған.
Алан құдығы - Бейнеу ауданы Ақжiгiттен 95 шм оңтүстiк бағытта орналасқан.
Бернияз
- Қарақия ауданы Төлеп жерiнен 130 шм солт-шығ бағытта, құдықтың тереңдiгi- 23 м.
Ердалы құдығы
- Сай-Өтестен 110 шм шығ бағытта керуен жолы бойында орналасқан.
Мысық
– Бейнеу ауданы Ақжiгiттен 111 шм оңтүстiк бағытта, тереңдiгi 11 м.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
Айман ЯРИХАНОВА
Талант ҚҰСАЙЫН мен қорықтың суреттері пайдаланылды
6098
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.