Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы болып Олжас Бектенов тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазылған ақпаратта.
Бұған дейін Президент Жарлығымен Сыртқы істер министрі, Қорғаныс және Ішкі істер министрлері тағайындалған болатын.