Маңғыстау облысының ПД бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Бөлекбаев Асыл Абылайұлы Ақтау қалалық полиция басқармасының бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асыл Бөлекбаев 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының Заң институтын бітірген. Ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Қызметін учаскелік полиция инспекторы болып бастады, ұзақ жылдар жол полициясы саласында қызмет етті. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының полиция департаментіне қарасты Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған.