Бас Прокурордың 2023 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып Дәурен Түзелбекұлы Медетбеков тағайындалды.
Дәурен Түзелбекұлы 1981 жылы туған.
Прокуратура органдарында қызметін 2004 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының прокуратурасында бастады.
Әртүрлі уақытта Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының прокуратура органдарында жұмыс істеген.
Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары лауазымына дейін Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры қызметінде болған.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі – 19 жыл.
Сынып дәрежесі – әділет аға кеңесшісі.