Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті болып Нұржігіт Нұрболатұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұржігіт Нұрболатұлы бұған дейін саяси ұйымдарда, коммерциялық мекемелерде, мемлекеттік қызметте және спортпен тығыз байланысты федерацияларда басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі маман. Қазір Respublica партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы. Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер.