
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімі негізінде Сиық Айтбай Боранқұл ауылының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Теміров, аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Борашов және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Сәуірбаев Боранқұл ауылында болып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.
Сиық Айтбай 1977 жылы 19 қарашада Бейнеу ауданы, Опорный поселкесінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2007 жылы Орталық Азия университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ зағиптар қоғамының Маңғыстау оқу-өндірістік кәсіпорнында бастаған.
Мемлекеттік қызметтегі жолын 2009 жылы «Боранқұл селолық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маманы болып бастап, 2014 жылға дейін Боранқұл селолық округі әкімінің аппаратында әлеуметтік жұмыстар бөлімінің бастығы, Боранқұл селолық округі әкімінің орынбасары, Боранқұл селолық округінің әкімі қызметтерін атқарды.
2016 жылдан осы уақытқа дейін «Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып келді.