ҚР ІІМ-нің бұйрығымен полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы ротация негізінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байжан Исембекұлы 1974 жылы 26 мамырда Жамбыл облысы, Ерназар ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Жамбыл қаласы прокуратурасының тергеушісінен бастап, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2005 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған.
Байжан Байгелді 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.