Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен, Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының басшысы болып Мұстапаева Венера Тұранқызы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumediz.kz сайты.
Ол бұған дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
Мұстапаева Венера Тұранқызы 1966 жылы қыркүйек айында дүниеге келген.
1989 жылы Ташкент қаласындағы Теміржол көлігі инженерлері институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.
1998-1999 жж. – Маңғыстау облысының қаржы басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
1999-2003 жж. – Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған.
2003-2005 жж. – Шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының басшысы болды.
2005-2014 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2014 – 2015 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарды.
Ал 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болды.