Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде болып, өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасының сынына шыдас берген, қазақша айтқанда, от пен судан өткен тұлға. Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс төрағасы ретіндегі қызметті танытқан талапшылдығын, іскерлігін, жауаптылығын біз алтыншы шақарылым кезінде өз көзімізбен көріп, күн сайын куә болып жүрдік», - деді депутат Сауытбек Абдрахманов.
Осы орайда ол Н. Зайроллаұлы кез келген тақырыпты жан-жақты зерттейтінін атап өтті.
«Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин кандидатурасы ұсынылуы әділ әрі орынды. Мен Парламентке сайланған барлық әріптестерімді, саяси партия фракциялар мүшелерін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарды осы кандидатураны қолдауға шақырамын», - деді С. Абрахманов.
Сонымен қатар жалпы отырыс барысын «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс төрағасы лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады.