Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының бастығы болып Исмағұлова Жансая Бердімұратқызы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол 1986 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылы ҚазИТУ институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007-2008 жылдар аралығында "Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ хатшы-референт болып бастаған.
2009 жылы Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында аудармашы, хатшы-референт болып қызмет етті.
2009-2010 жылдар аралығында Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып істеді.
2010-2014 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болған.
2014-2015 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының ҮЕҰ және саяси партиялармен жұмыс бөлімінің бастығы болды.
2015 жылдан бері Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали «Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалған еді.