Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының жаңа төрағасы Сауат Мыңбаевты таныстырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген.
1985 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономист-кибернетик" мамандағы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
Ол бұған дейін түрлі қаржы құрылымдарында лауазымды қызметтерді атқарды. ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР Қаржы министрі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрі, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі, ҚР Мұнай және газ министрі болып қызмет еткен.
2006-2007 жылдары "Самұрық" Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.
2013 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет етіп келді.