©
Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы ретінде Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.
Алик Айдарбаев әр жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының (кейін атауы «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баcқарушылық лауазымдарды атқарды.
2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры болды.
2013-2017 жылдарда Маңғыстау облысының әкімі болып қызмет етті.
2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап осы кезге дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.