«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы — жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Жаңаөзен қаласында өткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесіне қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Аталған шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Шара барысында департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бейнероликтер көрсетіліп, жерге орналастыру жұмыстары және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласында қызмет алушылардан өтініштер қабылдауға мүмкіндіктер жасалды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер туралы брошюралар мен парақшалар тарату, баннерлерде қызмет алу рәсімдері бойынша көрнекті ақпараттарды орналастыру, әдістемелік кеңестер беру де жүзеге асырылды. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы — жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Мұса Хайруллиев мұнайшылар қаласының азаматтарына қоғамдық қабылдау өткізіп, көкейдегі сауалдарына жауап берді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты — халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру. Мұндай мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі облыс орталығы Ақтау қаласында, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында бұған дейін өткізілген болатын. Бүгінде мемлекеттік корпорацияның алдында тұрған басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын, қызмет түрлерінің сапалылығын қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету. Осының барлығы жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізбек.
Тағы оқыңыздар: Көші-қон заңнамасын бұзған мигранттар жауапқа тартылды- Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін электронды түрде алуға болады,–дейді департамент директоры Мұса Хайруллиев.
Айта кету керек, департамент қазіргі таңда жергілікті жерде жер учаскелерін бөлу мен шекараларын белгілеу, жерге орналастыру жобаларын, сондай-ақ жер пайдаланумен байланысты басқа да жобаларды әзірлеу, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау, жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау, жерлердің санын, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды есепке алу, елді мекендерде бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау, техникалық паспортты беру, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу сияқты қызмет түрлерін көрсетеді.
Санира ИЗЕКЕЕВА,
департаменттің қызметкерлермен жұмыс және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы