Бүгін Ақтау қаласының әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын аймақтың активіне облыс әкімі Ералы Тоғжанов таныстырды.
Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы Маңғыстау облысы, Шетпе селосында 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген, отбасылы, 5 баласы бар.
2000 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін, 2008 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.
Ғалымжан Ниязов еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.
2006-2008 жылдар аралығында Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басқармасының лицензиялар бөлімінің бас маманы болды.
2008-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы құрылыс бөлімінің бас маманы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім басшысы, басқарушы директор, департамент директоры болып қызмет етті.
2017 жылы наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтау қаласының экс-әкімі облыстық мәслихат хатшылығына сайланды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="42885,42884,42883"]