©
Елбасының 19 ақпан күнгі «Қазақ тілі әліпбиін криллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын қолдаймын. Бұл ретте өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы ойын ортаға салған кезде бойымызда болашаққа деген сенім нығая түскен еді.
Өйткені «Болашақ бүгіннен басталады» демекші, латын әліпбиі сол кемелді келешекке көш бастаған кемел елдің алғашқы қадамы деп білемін. Өз басым соңғы нұсқасын қолдаймын. Бұрын қазақ тілінде 42 әріп болатын болса, жаңа әліпбиде 32 әріп қана бар. Мұның өзі қажетсіз әріптерден арылуға зор септігін тигізетін болады. Қазақ әліпбиінің атасы, «Алаш Орда» негізін салушысы Ахмет Байтұрсыновтың: «Латын әліпбиі – Еуропаға ашылатын есік. Біз жастарымызбен балаларымызды Еуропаның озық білімі мен мәдениетін үйренсін десек, осы бастан латын әрпінде жазуды үйреткеніміз жөн» деген сөзі ерксіз еске оралады. Сонау 20 ғасырдың басында алашшыл азаматтар латын әрпінің ел үшін пайдасы мол екендігін о бастан-ақ білген. Міне, арада бірнеше жылдан соң көрегенді Елбасының болашақты меңзей алатын қасиеті арқасында латын әліпбиі ортамызға қайта оралды. Тарихшылардың пайымдауынша 1929–1942 жылдар аралығында Қазақстанда латын графикасын пайдалану барлық білім беру ұйымдары мен мекемелерде жүргізілген деседі. Кейін 1942 жылы Сталин өзінің солақай саясатын жүргізу үшін орыстың кириллицасын қайта енгізді. Сол арқылы Ресей империясы өзінің үстемдігін үдете түсті. Міне, содан бері 80 жылға жуық қазақ елі кирилицамен жазуын жазды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда 1700-ге жуық жас грек-рим және еркін күреспен айналысадыБүгінде латын әліпбиіне Жарлық шығып, өз күшіне енді. 2025 жылдан бастап жаппай қазақ елі латын әрпіне көшіп, әлем елдерінің ішінде көш бастайтын болады.
Латын әрпі ағылшын әрпіне қатты ұқсайды. Ал ағылшын әрпін кәзіргі кез келген қазақстандық жастың 70 пайызға жуығы түсініп, оқи алады. Латын әрпін бізге көршілес Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдері пайдалануда. Ағылшын әрпіне ұқсағасын барлық жаңа заманауи технологияларда жазылып, шрифталған. Бұл дегеніңіз – кез келген тұрмыстық техниканың тілін латынша оқып, жазуға үлкен мүмкіндік.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі