Мұнайлыда сәуір айының басында бастау алған футзалдан көктемгі лига аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екі айға созылған додаға 12 команда қатысты. Олардың ішінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласының командалары бар. Дүбірлі дода "жекпе-жек" форматында өткен болатын. Ал лига жеңімпазы соңғы турда анықталды.
Айта кететін жайт, Мұнайлы ауданында ересектер арасында көктемгі лига алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үш команда жүлдегер атанды. Ал чемпион мен күміс жүлдегер жазда Шымкент қаласында өтетін әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады.
1-орын: «Рамазан» командасы
2-орын: «Баянды» командасы
3-орын: «Батыр» командасы
«Көктемгі лига алдында "Мұнайлы Кубогы" өтті. Оған осы лигаға тіркелген 12 команда қатысты. Басты кубок жыл сайынғы ауыспалы кубок ретінде қалады. Ауданда өткен ауқымды жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Мұнайлы әкімдігіне, аудандық спорт бөліміне, әуесқойлар лигасының Маңғыстау облысындағы басшылығына және "Әмір-Темір" спорт кешені әкімшілігіне өз ризашылығымды білдіремін», - деді Мұнайлы аудандық футзал федерациясының президенті Ақтау Ташев.
Мұнайлыда өткен жарыс кезінде тікелей көрсетілім ұсынылды. Сондай-ақ, ойын барысында VAR жүйесі қолданылды. Ал әр матчты облыстағы белгілі төрешілер бақылап, аудан көлемінде өткізілен спорттық доданың деңгейін көтерілді.
Сондай-ақ, алда күзгі маусымдық лига өткізу жоспарланып отыр.