Алматы қаласында үстел теннисінен өткен ел чемпионатында маңғыстаулық жас спортшы қыздар қомандалық сында үздік үштікке енді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміз бойынша 21 команда ішінен Аққу Темірханова, Салима Абілқайыр, Айя Уәли, Амира Әлімгерей, Ақниет Бақберген есімді маңғыстаулық спортшылар қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, жұптық қыздар сында маңғыстаулық Аққу Темірханова мен павлодарлық Меруерт Тәжімова бірге өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды.
Үстел теннисінен 2009 жылы туған және одан жас спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 25-31 наурыз аралығында өткен болатын.
Еліміздің барлық өңірінен келген 250 жас спортшы жеке, жұптық және аралас разрядта бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.