Ақтау теннис мектебінің түлегі, әлемнің 201-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Мехико челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мексика турниріне 5-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы жерлесіміз бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 359-орында тұрған Зимбабве өкілі Бенджамин Локпен өткіздген болатын.
Бірінші партияда Б.Лок 6:4 есебімен басым түскенімен, Б.Жұқаев ойын тізгінін қолға алып, камбэк жасай білді. Есеп 6:3, 6:4.
Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт 19 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмаған.
Енді Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін рейтингіде 685-сатыдағы 18 жастағы мексикалық Родриго Пачеко Мендеспен өзара шеберлік байқасады.