Солтүстік Қазақстан облысында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан ел чемпионатында ақтаулық балуан чемпион атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
92 келіде күрескен Камиль Куруглиев өз салмағында үздік шығып, 5 кездесудің барлығында жеңіске жетті.
Роман Ахмедханов пен Магомед Куруглиев жаттықтыратын жас балуан қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген. Ол барлық белдесулер бойынша 53:2 нәтижесін көрсетіп, финалда алматылық Самир Дурсуновты қапы қалдырды. Айта кететін жайт, финалдағы қарсыласы әлеуметтік балуан. Ол өткен жылы жастар арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Ақтаулық балуан биыл ересектер арасында ел чемпионатында 97 келіде күресіп, қола медаль иеленген болатын. Сондай-ақ, наурыз айында Арменияда өткен турнирде топ жарды.