Шымкентте жамбы атудан ересектер мен жастар арасында федерация кубогі өтіп, маңғыстаулық мерген қос жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы және Республикалық жамбы ату федерациясы ұйымдастырған сынға Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан құрама командалар қатысқан болатын.
Биылғы федерация кубогы 4 стиль бойынша өтті: қазақ, түрік, корей және мажар стилінде өтті. Бұл жолы қыздар арасынан «Түрік стилі» бойынша Маңғыстау облысының өкілі Жазира Жолдасбаева топ жарса, «Мажар стилі» бойынша тағы бір жерлесіміз Жазира Жолдасбаева күміс жүлдегер атанды.
Айта кететін жайт, жамбы атудан қысқы маусымда ұйымдастырылып отырған федерация кубогы алғаш рет өтіп отыр.
Федерация президенті Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша, қыс маусымына қарамастан спортшыл кез келген ауа райында ойын көрсетуге дайын екенін көрсеткен.