Дзюдодан клубтар арасында Алматыда өткен әлемдік турнирде Маңғыстау облысының балуаны АсқарНарқұлов қола жүлдегер атанды. Ол Қазақстан атынан қатысқан «Jenys» клубы құрамында күресті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
JenysCup атты халықаралық турнирге әлемнің бірнеше мемлекетінен 17 клуб қатысқан болатын. Ал Қазақстан атынан аталған турнирге 4 клуб қатысты.
Қола жүлдеге ие болған «Jenys» клубында Қазақстан атынан тек Маңғыстау облысының өкілі Асқар Нарқұлов қана күресті. Одан бөлек, қырғызстандық Кубанычбек Айбекуулы (-66 кг), Ерлан Шеров (-90 кг), грузиялық Тато Григалашвили (-81 кг) және Саба Инанешвили (+90 кг) өнер көрсетті.
Алматыда өткен әлемдік сында «Shevardeni» (Грузия) клубы жеңімпаз атанса, «Hoji Sharif» (Тәжікстан) күміс жүлдеге ие болып отыр. Ал үшінші орынға «Jenys» клубымен Ресейдің «Edelweiss» командасы қол жеткізді.
Айтулы сында жеңімпаз атанған клубқа 30 мың, екінші орын игері 20 мың, үшінші орынға 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілді.