Yessenov University-нің студенті Батыр Жүкембаев АҚШ-та өткен кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтаудағы іргелі оқу орнының дене шынықтыру және спорт беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенті бүгінде бокстан әлемдік аренада өзіндік қолтаңбасын қалдырған әйгілі спортшы саналады.
Он раундқа созылған сында ақтаулық студент Плант-Ситиде (Флорида) өткен бокс кешінде жанкүйерлерін кезекті рет тәнті етті. Ол WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) жартылай орта салмақтағы аймақтық титул үшін жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы Батыр Жүкембаев үшін бұл сын АҚШ-тағы үшінші айқасы болып отыр.
Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1-курс студенті француз боксшысы Мұхамед Мимуннан (23-5) басым түсті. Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу жоспарланған 10 раундқа созылды. Отандасымызтөрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, өзіне тиесілі WBA NABA белбеуін сәтті қорғады.
Батыр Жүкембаев бұған дейінгі жекпе-жегінде аргентиналық спортшы Уго Рольданамен шаршы алаңға шығып, бірінші орта салмақтағы WBA Continental North Americas аймақтық титулын иеленген болатын.