Қарағандыда бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында аса ауыр самақтағы Маңғыстау облысының өкілі Айболды Дәуренұлы да бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
+92 келіде сынға түсіп жатқан жерлесіміз финалға дейін барлық қарсыласын қапы қалдырып, бір саты биік тұрды. Өз шеберлігін шаршы алаңда дәлелдей алған Айболды Дәуренұлына төрешілер әр кездесуде жоғары баға берді. Ол бүгін финалдық сында ұлттық құрама мүшесі Аманат Сабырғалимен шеберлік байқасады. Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс залында өтіп жатқан турнирлің финалы бүгін Астана уақыты бойынша 12:00-де басталады.
Айта кететін жайт, ХХІХ рет өтіп жатқан халықаралық турнирге Куба құрамасы да қатысып жатыр. Еліміздегі ең айтулы жарыстың бірі саналатын бұл сынның үздіктері алдағы уақытта маңызды додаларда бақ сынауға мүмкін алмақ.