Бүгін маңғыстаулық самбошылар Орал қаласында өтетін «Чемпиондар додасы» атты ашық қала аралық турнирге қатысу үшін жолға шықты.
Самбо күресінен жарысқа 2006-2007 ж.т. жасөспірім мен 2008-2009 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады. Өңірден аттанған 15 жас спортшының жол шығынын "Жеті жұрт" қоғамдық бірлестігі "Жол жүру гранты" аясында өтеді. Турнир 23 желтоқсан күні басталып, 25 желтоқсанда аяқталады.
Жарыстың мақсаты - самбо күресінің танымалдығын арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас самбошылардың шеберлігін шыңдау.
Еске салайық, «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе жол жүру гранты жобасын іске асырып жатыр. Жоба аясында жол жүру грантының спорттық іс-шара бағытына 60-тан аса өтінім түскен. Соның ішінде 25 жасқа жол жүру гранты берілді.