Маңғыстаулық дзюдошы Асқар Нарқұлов Гонконгте өтетін Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
20-23 сәуір күндері Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан өтетін құрлық біріншілігінде Маңғыстау облысының өкілі 73 келіде белдеседі. Ол қазір ұлттық құрамамен бірге маңызды жарысқа жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Аталған Азия чемпионаты бәсекесіне 36 елден 300-ге жуық дзюдошы сынға түседі деп күтілуде. Бұл сында жерлесімізбен бірге Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов, әлем чемпионатының жүлдегері Абиба Әбужақынова сынды танымал отандық татами шеберлері ел намысын қорғайды.