Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының балуаны Майс Алиев өз салмағында топ жарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еркін күрестен 65 келіде күрескен жерлесіміз олимпиадалық салмақта үздік атанып отыр. Ол жексенбі күні жарыста сынға түсіп, финалда жамбыл облысының өкілі Мұқтар Санжардан басым түсті. Сондай-ақ, бұл салмақта қола жүлдеге белгілі балуан Адлан Асқаров пен легионер спортшы Начын Куулар қол жеткізді.
Сондай-ақ, 86 келіде күрескен Наурыз Ахметханов үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта ел чемпионы батысқазақстандық Нұржан Исағабылов болса, күміс медальға жамбылдық Нұрдәулет Қуанышбай ие болды. Сондай-ақ, Алматы облысының өкілі жерлесіміз бірге үшінші сатыға тұрақтады.
Астанада басталған ел чемпионаты бүгін аяқталады. Аталған сынға елімізідң барлық облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының құрамалары сынға түсіп жатыр.