Дзюдодан Париж Гранд Слэміне қатысқан маңғыстаулық қос дзюдошы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан 73 келідегі Асқар Нарқұлов алғашқы кездесуінде бос болды. Ал екінші айналымда кипрлық Андрей Киприаноспен белдесіп, жеңіске жетті. Алайда үшінші айналымда Өзбекстан балуаны Шахрам Ахадовтан айласын асыра алмады.
Сондай-ақ, 81 келіде ел намысын қорғайтын Руслан Мұсаев бірінші кездесуінде өзбекстандық Мұса Собировпен белдесіп, есе жіберді.
Сонымен бірге, бүгін күрескен Қазақстан балуандары арасында 73 келіде Данияр Шамшаев қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен, шешуші сында өзбек дзюдошысы Шахрам Ахадовқа қосымша уақытта ескертумен жол берді. Осылайша ол турнирді бесінші орынмен аяқтап, 260 ұпайды қанағат тұтты.
Ал 81 келіде күрескен Абылайхан Жұбаназар жарысты 7-орынмен аяқтады. Ширек финалға дейін үш белдесуде жеңіске жеткен ол жартылай финалға жолдама беретін белдесуде бельгиялық Маттиас Касседен ұтылды. Ал жұбаныш белдесуінде молдовалық Михаил Латисевтен айналасын асыра алмады.