© Opennews.kz
Ақпан айының басында Астана қаласында басталатын грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында ел чемпионатына еркін күрестен қатысатын Маңғыстау облысының балуандары анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дерегі бойынша, бұл сында еркін күрестен облысын намысын 10 балуан қорғайды. Бұл сында жастар арасында Азия және әлем чемпионы атанған маңғыстаулық Камиль Куруглиев 97 келіде күреседі. Сондай-ақ, Нұрлыбек Базарбаев (57 кг), Эмиль Әмірханов (61 кг), Майис Алиев (65 кг), Мирас Сайынов (70 кг), Нұрсұлтан Аткелтіров (74 кг), Мұхамбет Мәмбетов (79 кг), Наурыз Ахмедханов (86 кг), Роман Ахмедханов (92 кг) сынды балуандар бар.
Ал грек-рим күресінен биылғы сында облыс намысын 5 балуан қорғайды. Олардың қатарында Ерназар Қосов (55 кг), Әлібек Әшімхан (60 кг), Жарас Максетов (63кг),Көбен Бөрібай (67 кг) және Рахат Сағымбай (87кг) белдеседі.