Ақтауда қазақ күресінен ҚР Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Айтулы жарыстың 14-16 қараша аралығында Ақтау қаласында «Халық Арена» спорт кешенінде жалауы желбіремек. Ел біріншілігі ерлер және әйелдер арасында 17 (9 салмақ ерлер, 8 салмақ әйелдер) салмақ дәрежесін қамтығалы отыр.
Сонымен бірге көрермендер үшін чемпионатты тамашалау тегін болмақ.
Сондай-ақ республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 500-ге жуық балуан күреседі.
Біріншілік қорытындысы бойынша 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталып, келер жылы өтетін әлем чемпионаты мен Көшпенділер ойындарына қатысатын балуандар іріктеледі.