Маңғыстаулық боксшы, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан спарткиада ойындарының финалында сынға түседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
13 қараша елордада бокстан ауқымды жарыс басталған болатын. 4 жылда бір рет өтетін спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам былғары қолғап шеберлері сынға түсті.
Бұл жарыста жерлесіміз барлық қарсыласынан басым түсіп, финалға шығып отыр. Сондай-ақ ол жартылай финалда Ерасыл Жақыпбекті қапы қалдырды. Енді чемпиондық жекпе-жекте Бекзат Нұрдәулетов биыл Ташкентте әлем чемпионы атанған Нұрбек Оралбаймен айқасады. Финалдық сайыстар Астана уақытымен 15:00-де басталмақ.
Спартакиада Ойындарына Маңғыстау облысынан Дарын Құлжабаев (48 кг), Самат Жетібаев (54 кг), Жолдас Жеңісов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Рахат Сейітжан (67 кг), Ағажан Қадыр (71 кг), Бекзат Нұрдәулетов (80 кг), Айболды Дәуренұлы (+92 кг) бастаған сегіз боксшы қатысқан болатын. Оның ішінде тек бір спортшы ғана жүлдеге ілініп отыр.