© Архив
Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Астанада аяқталған спартакиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
80 келіде бақ сынаған жерлесіміз финалға дейін еркін жеткенімен, шешуші жекпе-жек Нұрбек Оралбайға есе жіберді. Үш раундқа созылған кездесу тең дәрежеде өткенімен, төрешілер шешімі бойынша жеңіс ерордалық боксшыға бұйырды.
Бекзат Нұрдәулетов бокстан 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Токио Олимпиадасының қатысушысы. Төртжылдықтың басты ойындарынан кейін ол кәсіпқой боксқа ауысып, бірнеше жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. 2023 жылдың басында ұлттық құрамаға қайта оралып, Еуропада өткен халықаралық турнирде бақ сынады.
Астанада 13-19 қараша күндері өткен спартакиадада Маңғыстау облысынан 8 боксшысы бақ сынады. Олардың қатарында Дарын Құлжабаев (48 кг), Самат Жетібаев (54 кг), Жолдас Жеңісов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Рахат Сейітжан (67 кг), Ағажан Қадыр (71 кг), Бекзат Нұрдәулетов (80 кг), Айболды Дәуренұлы (+92 кг) спортшылар арасында тек жаңаөзендік спортшы ғана жүлде иеленді.