Ақтау теннис мектебінің өкілі Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте 186-орынға жайғасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әзірге бұл жерлесіміздің жоғары жетістігі болып отыр.
Өткенде АҚШ турнирінде жеңіске жеткен отандасымыз 247-ші орыннан 197-ші сатыға жоғарылаған болатын. Осыдан кейін ол теннистен ерлер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.
Сондай-ақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнында қалса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-орынға тұрақтады.